00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандықтар сүт өнімдерін азырақ тұтына бастады

11 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандықтар сүт өнімдерін азырақ тұтына бастады
фото: gov.kz

Қазақстанда сүт өнімдерінің өндірісі бір жылда 1,2 пайызға өсті, деп хабарлады Elorda.info.

Еnergyprom.kz мәліметіне сүйенсек, әр түрлі өнім тобын өндіру қарқыны әрқалай. Мәселен, 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында өңделген сұйық сүт пен кілегей өндірісі 97,3 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2%-ға артық. Сондай-ақ сары май мен спред өндірісі де бірден 29,6%-ға өсіп, 4,5 мың тоннаны құрады. Бұл ретте ірімшік пен сүзбе өндірісі, керісінше, 1,7 пайызға төмендеп, 5,8 мың тоннаны құраған. Қатты күйдегі сүт өндірісі де, бірден 2,3 есеге, 509 тоннаға дейін, сондай-ақ йогурттар, қоюландырылған сүт және т.б. сияқты сүт өнімдерін өндіру (1,3%-ға, 40,9 мың тоннаға дейін) қысқарған.

Жалпы, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 573,3 мың тонна өңделген сұйық сүт пен кілегей өндірілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға аз*. Сары май мен спред 24,9 мың тоннаға, бір жыл бұрынғыдан 8,6%-ға аз, ірімшік пен сүзбе – 36,8 мың тоннаға (0,5%-ға аз) өндірілді, бірақ қатты күйдегі сүт өндірісі 18,3%-ға, яғни 8,1 мың тоннаға дейін өсті. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда басқа сүт өнімдерін өндіру 3,9%-ға, 253 мың тоннаға дейін төмендеді, - дейді сарапшылар.

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстанда сүт және сүт өнімдерін тұтынудың орташа мөлшері жан басына шаққанда 226 кг құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,1%-ға аз.

Сүт пен сүт өнімдерін жақсы көретіндер негізінен Ақмола облысында тұрады: мұнда сүтті тұтыну жылына жан басына шаққанда 267,1 кг өнімді құрайды. Одан кейінгі орында Астана мен Алматы тұр: бұл өңірлерде жан басына шаққанда 259 және 253,7 кг-нан келеді. Ең төменгі көрсеткіш Шымкент пен Қызылорда облысында тіркелді: бұл өңірдерде жылына жан басына шаққанда 138,1 және 183,8 кг сүт өнімдері тұтынылады.

2023 жылдың наурыз айының соңында сүт өнімдері бір жыл ішінде 29,1%-ға қымбаттады. Баға әсіресе Маңғыстау облысында: 41,8%-ға өсті. Одан кейінгі орындарда Қызылорда облысы (33,7%) және Астана (32,4%) тұр. Ал Ақмола (22,9%-ға) және Ұлытау (25,1%-ға) облыстарында, сондай-ақ Алматыда (25,2%-ға) сүт өнімдері көп қымбаттамаған, - дейді мамандар.