00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда әлеуметтік желідегі буллинг заңмен бақыланады

14 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда әлеуметтік желідегі буллинг заңмен бақыланады
коллаж Elorda.info

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң мен оған ілеспе түзетулерді қабылдап, Сенатқа жолдады, деп хабарлады Elorda.info.

Заңның міндеті – әлеуметтік желіде болатын буллинг, азаматтарды қорлау секілді келеңсіз фактілерден, қаржы пирамидаларынан азаматтарды қорғай отырып, саяси сепаратизм мен экстремизмнің алдын алу. 

Сондай-ақ жалған ақпаратты таратқаны және орналастырғаны үшін әкімшілік жауапқа тартуға қатысты өзгерістер енгізілді.

Жалған ақпаратты орналастыратын немесе тарататын онлайн- платформаларды пайдаланушылар үшін – 20 АЕК, ал кәсіпкерлік қызметпен айналысатын блогерлер үшін – 40 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауаптылық енгізіледі. 

Жоба бойынша онлайн платформаның иесі немесе оның заңды өкілі балаға қарсы кибербуллинг ақпаратты және мемлекетке қарсы контентті тартқан аккаунттарды тоқтатуға міндетті.