00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Қазақстан халқына» қоры қолдауымен 20 мың оқушы жазғы лагерьде демалады

23 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Қазақстан халқына» қоры қолдауымен 20 мың оқушы жазғы лагерьде демалады
фото: egemen.kz

Жоба бойынша Қордың серіктестері – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі және жергілікті атқарушы органдар, деп хабарлады Elorda.info қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті атқарушы органдардың білім басқармалары бекітілген өлшемшарттарға сәйкес оқушылардың толыққанды физикалық, психологиялық және моральдық-өнегелілік дамуы үшін қолайлы жағдайлары бар 30 лагерьді таңдап алды. Лагерьлерді іріктеу өлшемшарттары мен бірыңғай білім беру бағдарламасын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бекітті. Жазғы лагерьлерге демалуға жіберілетін балалардың тізімін өңірлік білім басқармалары айқындайды. Олар – озат оқушылар, сондай-ақ мектептің қоғамдық және мәдени өміріндегі белсенді қызметі үшін және оқудағы жоғары көрсеткіштері үшін марапатталған мектеп оқушылары. Білім басқармасы өз кезегінде мектептер ұсынған тізімдерге сәйкес балаларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етуге міндетті.

Қор бұл мақсаттарға 1,94 млрд теңге бағыттайды. Бұл 5-8 сынып аралығында оқитын 20 мың оқушының жазғы демалысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қордың жобаға қатысу мөлшерін айқындау кезінде өңірдің жергілікті бюджетінен сауықтыру лагерьлеріне бөлінген соманың 30%-ын негізге алып, балалардың санын, жазғы лагерьлердің болуын және олардың белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігін ескере отырып, әрбір өңір үшін жеке тәсілді қолданды.

2. «Медициналық генетиктер мен ультрадыбыстық диагностика мамандарын шетелде оқыту» қайырымдылық жобасына өзгерістер енгізілді (мамандарды оқыту жоспарланып отырған медициналық ұйымды ауыстыру бөлігінде).

3. Ішкі аудит қызметінің басшысы тағайындалды және Ішкі аудит қызметінің қызметін ережелейтін құжаттар пакеті бекітілді.