00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Атырауда ауызсу беру кезең-кезеңімен қалпына келтіріліп жатыр

10 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Атырауда ауызсу беру кезең-кезеңімен қалпына келтіріліп жатыр
Фото: Атырау облысы әкімдігінің telegram-каналы

Бұған дейін хабарланғандай, Жайық суы қатып, тұрғындар ауызсусыз қалған еді, деп хабарлады Elorda.info Атырау облысы әкімдігінің telegram-каналына сілтеме жасап. 

Яғни, 9 желтоқсан күні сағат 23:30-да «Атырау облысы Су Арнасы» КМК Жайық өзенінде қабыршақ мұз пайда болып, өзеннің қозғалыс жылдамдығы төмендеуіне байланысты Атырау қаласының су тазарту қондырғысына су беруді тоқтатты.

10 желтоқсан күні таңғы сағат 4:30-да қала желілеріне су берілді (төмен қысымда, төтенше жағдайларды болдырмау үшін).  «Атырау-Мақат» магистральдық құбыры бағытында, оның ішінде «Береке» ықшамауданында (тоғыз қабатты үйлер), Көктем, Жұлдыз-3, Теңдік, Ақсай-1, Ақсай-2 ықшамаудандарына техникалық себептерге байланысты су жіберілмеді. 

«Атырау облысы Су Арнасы» мекемесіне қарасты су тазарту қондырғысының сорғы стансаларында мұз кептелісін жою және құбырларды тазалау мақсатында облыстық төтенше жағдайлар қызметінің күштері жұмылдырылды. Алайда, төтенше жағдай ережесіне сәйкес, түнгі уақытта тазалау және басқа да жұмыстар жүргізілмейді. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері таңғы сағат 8:00-де тазалау жұмыстарын бастады, - денген хабарламада.

Су құбырындағы ақауларды жою жұмысы жалғасып жатыр. 

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен осы деректің мән-жайын анықтайтын арнайы комиссия құрылды.