Атырауда 38 млн теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды

Фото: Оңалхан Өнерхан
Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округінің әкімі «Первомайский» ЖШС-ға понтонға орнатылған су насосы стансасын тендер өткізбей, сенімгерлікке бергені анықталды, деп хабарлады Elorda.info Атырау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
«Махамбет ауданы прокуратурасының талдауының нәтижесінде шаруашылық субъектісі понтондық стансаны мемлекетке зиянды түрде қолдануды жалғастырып келген. Осыған байланысты Махамбет ауданының әкіміне заңбұзушылықты жою туралы ұсыныс беріліп, аталған мүлік мемлекетке қайтарылды. Бейбарыс ауылдық округінің әкімі мен есепшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп жазылған облыстық прокуратура хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 14:48
«Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар»: Астанада 50-ден астам бала терезеден құлаған

Бүгін, 13:52
Жұмыссыз қалған 244 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды

Бүгін, 12:34
АИТВ жұқтырған адамдар психологиялық көмекті қайдан ала алады

Бүгін, 11:07
Қазақстанда ресми түрде жаңа кәсіби мереке белгіленді