00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын 4 жылға сотталды

20 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын 4 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Стар Бет» ЖШС-нің құрылтайшысына қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Elorda.info

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Х. аса ірі көлемде кіріс алу арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деп айыпталды.

«Х. және басқа да тұлғалар (соңғысына қатысты сот үкімі шықты) букмекерлік кеңсе қызметін жүзеге асырады деген желеумен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру мақсатында «Стар Бет» ЖШС құрып, 39 миллиард теңгеден астам сома заңсыз пайда тапқан, - делінген сот хабарламасында.

Сотталушы ЖШС құрылтайшысы бола отырып, ойын мекемелерінің жалға алынған үй-жайларында келісімдер жасасып, сонымен қатар ЖШС басшылары Т., Б. және М.-ны қылмыстық әрекеттердің барысы мен нәтижелері туралы үнемі хабардар етіп отырған.

Сот жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде айыпталушының өз ісіне шын жүректен өкінгенін және кәмелетке толмаған баласының болғанын ескерді. Сот Х.-ны кінәлі деп танып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды, - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.