Алматыда жаңа туған сәбиін қоқысқа лақтырған көкек анаға іздеу жарияланды
16 шілде, 2024
Торғын Аман
Оңалхан Өнерхан
Алматы жас босанған ана шақалақты пакетке орап, қоқысқа лақтыра салған. Қазір полицейлер тасжүрек ананы іздеп жатыр, деп хабарлады Elorda.info КТК арнасына сілтеме жасап.
Өлі сәбиді тұрмыстық қалдықты сұрыптаумен айналысатын кешен жұмысшылары тауып алған. Пакетке оралған шақалақты көре сала, бірден тәртіп сақшыларын шақыртқан. Green Recycle серіктестігінің басшылары бүгін бізге жауап беруге құлық танытпады. Тергеу құпиясын желеу етіп отыр. Ал полицейлер туа сала тастап кеткен безбүйрек ананың жеке басын анықтап жатқанын жеткізді.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың анасының жеке басы және де басқа да мән-жайы анықталып жатыр. Сараптамалар тағайындалды», - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады