Ақтауда балабақшамен қоштасу кеші дүркіреп өтті (ВИДЕО)

26 мамыр, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Ақтауда балабақшамен қоштасу кеші дүркіреп өтті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Ақтау қаласында жеке балабақшада қоштасу кеші дүркіреп өтті. Желіде алты жасар балаларды мейрамханаға ақ түсті лимузинмен әкелген сәт түсірілген видео тарады. Мейрамханада бүлдіршіндерді скрипкашылардың орындауындағы музыкамен қарсы алған, деп хабарлады Elordainfo.kz

Мейрамханадағы балабақшамен қоштасу кешіне ұлдар көгілдір түсті классикалық киім киіп барса, қыздар баллға киетін көйлек киіп барған. Мейрамхана мерекелік стильде безендірілген. Мерекелік шарада балалар қоштасу вальсін билеп, сыйлыққа мерекелік жиынтық алған.

Мереке соңында бүлдіршіндер мантия киіп, файер-шоуды тамашалаған.

Видеоға пікір білдірген желі қолданушыларының бірі балабақшамен қоштасу кешіне ата-аналардан ешқандай шығын шықпағанын, барлық шығынды балабақша басшылары көтергенін жазған. 

«Тігінші – өздерінікі, лимузин – ата-ананыкі, жүргізушісі де – ата-ана», – деп жазыпты желі қолданушысы.