00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде аутизммен ауыратын балалардың саны өсіп келеді

Елімізде аутизммен ауыратын балалардың саны өсіп келеді
ашық дереккөз

Бұл туралы Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Оңалту және жаңа технологияларды енгізу бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты педагог-психолог Зәуре Жангелдинова айтты, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Спикердің мәліметінше, Қазақстанда ерте жастағы аутизммен - 1052, мектеп жасына дейінгі (3 жастан 5 жасқа дейін) – 4331 бала, 6 жастан 18 жасқа дейінгі 6704 бала ауырады.

Біз аутизммен ауыратын балалардың жасына қарай олардың саны көбейгенін байқаймыз. Оның себептерінің бірі – ерте жастан аутизммен ауыратын балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудің жеткіліксіз болуы, баланың дамуына ерте араласудың болмауы. Қазіргі заманда ерте араласудың маңыздылығы туралы айтылып жүргенімен, әлемдік статистика ерте түзету көмегі көрсетілетін аутизммен ауыратын балалардың 60-70 пайызы қоғамға жақсы бейімделіп, дамып кететінін көрсетеді, - деді З.Жангелдинова.

Айта кетейік, біздің елімізде 208 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті және 18 жасқа дейінгі балаларға жеке немесе топтық түрде көмек көрсететін 13 республикалық орталық бар. Сондай-ақ, 44 арнайы және жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдарда және 9 аутизм орталығында аутизммен ауыратын балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіледі. 2022 жылы аутизмге шалдыққан 1789 балаға, РО – 288 балаға, аутизм орталығында 733 балаға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетілген.