00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

3 күн ішінде полицейлер ұрланған малды иелеріне қайтарды

30 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
3 күн ішінде полицейлер ұрланған малды иелеріне қайтарды
Фото: Polisia.kz

Үш күн ішінде СҚО полицейлері ұрланған 6 бас қойды иелеріне қайтарды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Солтүстік қазақстандық полицейлер «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп, мал ұрлығымен байланысты қылмыстарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға бағытталған жұмыстарды жүргізді. Мал мен ет тасымалдайтын автокөліктер, облыс базарларында ет сататын пункттер тексерілді. Ветеринария саласында 21 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Ауыл шаруашылығы жануарларын бағу қағидаларының бұзылғаны үшін 97 хаттама толтырылды.



Сондай-ақ жедел-профилактикалық іс-шараның үш күнінде бұрын жасалған 4 мал ұрлығы ашылды.  Оның ішінде Жамбыл ауданында қора-қопсыдан ұрланған 4 қой және Ақжар ауданында ұрланған 2 қой бар. Ауыл тұрғындары өз мүлкін қорғау бойынша барынша шаралар қабылдауы қажет. Еркін жайылымға жол бермеген жөн, қора-қопсыға мықты құлыптар орнатқан дұрыс. Жыл басынан облыста 20 мал ұрлығы тіркелді, оның 14-і ашылды. Иелеріне 55 бас мал қайтарылды, - деді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мадияр Харипов.