00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жеңілдетілген автонесие беру сайты тексеріледі

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жеңілдетілген автонесие беру сайты тексеріледі
ашық дереккөз

Жеңілдетілген автонесие беру сайтын қауіпсіздік талаптарына сай екендігін тексеру басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Цифрлық даму министрлігінің айтуынша, autonesie.kz порталына қатысты азаматтардан шағым көп түскен.

Сәйкесінше, сайттың ақпараттық қауіпсіздікті сақтау талаптары заңға сай ма екендігін тексеру ісі басталған. Бұған дейін бұл ресурс ешбір сынақтан өтпегендігі жайлы айтылған болатын. Өнеркәсіпті дамыту қоры мемлекеттік техникалық қызмет тарапынан платформаны тексеру қажеттілігі жоқтығын айтқан еді.