00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Соңғы төрт жылда балабақшаларға кезек 2 есеге азайды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Соңғы төрт жылда балабақшаларға кезек 2 есеге азайды
ашық дереккөз

Бүгінде елімізде 11 104 мыңнан астам бала баратын 1 115 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. 2-6 жастағы балаларды қамту кезекте тұрғандардың 89% құрайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Оның айтуынша, балабақшаларда, шағын орталықтарда және мектеп жанындағы топтарда 337 мың балаға мектепалды даярлық ұйымдастырылған. Балаларды қамтуды арттыру және жеке инвесторларды тарту үшін жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдардың 93%-нда мемлекеттік тапсырыс орналастырылған.

4 жыл ішінде кезек 2 есеге азайды. 2-6 жастағы балаларды қамту кезекте тұрғандардың 89,4% құрады. Дегенмен, балабақшаларға кезек сақталуда. 2022 жылдың соңында республика бойынша туғаннан бастап 6 жасқа дейінгі 250 мыңнан астам бала кезекте тұр. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыру шеңберінде 3 жыл ішінде 222 мың жаңа орын ашылмақ. Бұл 2028 жылға қарай 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен 100% қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді спикер.

Бұл ретте халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуға ерекше назар аударылады.

Бұл балаларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтандыру мүмкіндігі пысықталуда, – деп нақтылады Наталья Жұмаділдаева.

Оның айтуынша, елімізде мектеп жасына дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар 47 мың бала бар, оның ішінде арнайы ұйымдар мен топтарға 14 460 бала, инклюзивті білім беру қағидаты бойынша жалпы білім беру топтарына 5 530 бала барады.

Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар үшін балабақшаларға жеңілдікті кезек қарастырылған.

Біз мектепке дейінгі білім берудің инклюзивті тәсілін дамытамыз. Нормативтік-құқықтық акті пысықталуда, онда мектепке дейінгі ұйымдардың штат бірліктеріне арнайы педагог-ассистент енгізіледі. Осы педагог болған жағдайда мамандандырылған топтарды кеңейтуге немесе ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдауға мүмкіндік туады, – деді Оқу-ағарту министрлігінің өкілі.