00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада эвакуация ережесін елемеген бизнес объектілерге айыппұл салынды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордада эвакуация ережесін елемеген бизнес объектілерге айыппұл салынды
ашық дереккөз

Бұл туралы коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Еркін Отарғалымұлы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Өрт қауіпсіздігі желісі бойынша 1 069 тексеру жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес келмейтін 4 195 дерек анықталды. Оларға жол берген 352 адам, оның ішінде 188-і 15 млн 782 мың теңгеден астам сомаға айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік өрт бақылау органдарының заңды талаптарын орындамаған субъектілерге қатысты Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 47 әкімшілік іс берілді, - деді Еркін Отарғалымұлы.

Оның айтуынша, бизнес объектілерінде анықталған негізгі олқылықтар - эвакуация жолдарының дұрыс ұйымдастырылмауы, электр желілеріндегі ақау, өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерін күтіп ұстамау.