Журналист Махамбет Әбжан 9 жылға сотталды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Астанада журналист Махамбет Әбжанға сот үкімі шықты, деп хабарлады Elorda.info.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айжан Құлбаева сотталушыны 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы журналисті 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.
М. Әбжан 2022 жылдың шілдесінде екі айға қамауға алынған еді. Оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері ұстады.
Оған қылмыстық кодекстің 274-бабы 2,3 бөлігі (көрінеу жалған ақпарат тарату) және 194-бабының 2-бөлігі 2-тармағы (қорқытып алу) бойынша айып тағылды.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады