00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Азаматтығын ауыстырған балаларға Ұлттық қордан ақша бөлінбейді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Азаматтығын ауыстырған балаларға Ұлттық қордан ақша бөлінбейді
ашық дереккөз

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 18 жасқа толмаған балалар азаматтығын ауыстырса, Ұлттық қордан қаражат алмайтынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Бағдарлама 2024 жылдан бастап іске асырылады. Бала 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы шотына Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50%-ы түсіп тұрады.

18 жасқа толған бала шотындағы ақшаны алғанда салық салынбайды. Қаржы министрлігі тиісті ережелерді әзірлеп жатыр.

Егер бала азаматтығын ауыстырса, бұл қаражатты ала алмайды. Ақша басқа балаларға, жалпы Ұлттық қордың ішінде үлестіріледі.

Бала шетелге кете алады, егер ол азаматтығын ауыстырмаса, онда ақшасы өзінде қалады. Егер 18 жаста әлі Қазақстан Республикасының азаматы болса, ақшаға ие бола алады, – деді Ұлттық экономика министрі Ә.Қуантыров.