00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа түрі енгізілетін болды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа түрі енгізілетін болды
ашық дереккөз

Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа түрін енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлады Elorda.info.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бұл жаңашылдық еліміздегі тұрғын үй-коммуналдық реформаны жетілдіру жөніндегі шаралар пакетінде қамтылған. 

Ведомстводан атап өткендей, елімізде көппәтерлі тұрғын үй қорын басқарудың жаңа тәсіліне көшіруге байланысты жұмыс жоспарлы түрде жалғасып келеді. Биыл басқарудың тың тетігіне 45 148 көп пәтерлі тұрғын үй (97,1%) көшірілді. Демек, қазір республиканың 3 өңірінде 1 366 (2,9%) көппәтерлі тұрғын үйді жоғарыда аталған басқарудың формасына көшіру ғана қалды.

Осы басқарудың жаңа түрлерін енгізуге арналған реформаны жетілдіру мақсатында таяуда түзетулер пакеті әзірленіп, соған сәйкес жиналысты өткізудің кейбір функцияларын беру арқылы Тұрғын үй кеңесінің өкілеттіктерін күшейту, қаржылық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде жиналыс кворумын азайту (жалпы жиналыстың 2/3-тен 51%-ға дейін) және жазбаша сауалнама мерзімін екі айға дейін ұзарту қарастырылады, - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару түрлері бойынша градациялауды енгізу ұсынылып отыр. Атап айтқанда, тікелей бірлескен басқару (ТББ) - 16 пәтерге дейін, қарапайым серіктестік (ҚС) – 30 пәтерге дейін және мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) – 30-дан артық пәтерге дейін.

Айта кетсек, қазір «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы Парламент Сенатында қаралып жатыр.