00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда 16 мыңнан астам сертификатталмаған пиротехника тәркіленді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда 16 мыңнан астам сертификатталмаған пиротехника тәркіленді
ашық дереккөз

25 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында республикада “Пиротехника” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның мақсаты – жаңажылдық мереке қарсаңында қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау.

Осы күндері полицейлер мен ТЖД қызметкерлері жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалардың айналымына және оның қауіпсіздік ережелерін сақтауына қадағалау жұмыстарын жүргізді.

Мәселен, пиротехникалық бұйымдарды сату ережелерін бұзғаны үшін 842 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ӘҚБтК-нің 196-бабы (Заңсыз сауда) бойынша – 829, ӘҚБтК-нің 436-бабы бойынша (Бөлінбеген орындарда қолдану) – 11, ӘҚБтК-нің 483-бабы бойынша (Сақтау және тасымалдау тәртібін бұзу) – 2 адам.

Сонымен қатар жаңа жыл қарсаңында отшашуды қолдану кезінде күйік алудың 15 фактісі тіркелді, оның ішінде зардап шеккен 6 кәмелетке толмаған бала бар.

Мысалы, елордада 1 қаңтарда түнде үйдің ауласында ер адам екі кәмелетке толмаған баласымен бірге отшашуды қолданған кезде ерні мен қолына термиялық күйік алған.

Оқи отырыңыз: Жаңа жыл түні елордада петарданың кесірінен пәтер балконы өртенді

Тағы бір оқиға Астанада Нәжімеденов көшесінде болды. Пиротехниканы дұрыс қолданбау салдарынан балкон өртеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ. Пәтер иесі полицияға жүгінбеді.

ЖПІШ өткізу кезеңінде барлығы 16 400 бірлік сертификатталмаған пиротехникалық өнім тәркіленді.