00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде коронавирусқа байланысты қандай шектеулер енгізілуі мүмкін

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде коронавирусқа байланысты қандай шектеулер енгізілуі мүмкін
ашық дереккөз

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова коронавирустың таралуына байланысты қолданыстағы шектеулер туралы айтып өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Оған сәйкес, R көрсеткіші 1-ден жоғары тіркелген кезде, яғни өңірлер жасыл аймақта орналасқан кезде халық көп жиналатын жерлерде маска тағу ұсынылады.

Өңір  сары аймаққа көшкен кезде ұжымдарды бір-бірінен ажыратуға бағытталған шаралар қабылданады, бұл жақын байланыстағы адамдарды, вакцинациялауға абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру, білім беру ұйымдарында топтарды қоса отырып, іс-шаралар өткізуді болдырмау болып табылады. Өңір  қызыл аймаққа көшкен кезде инфекцияның таралуына және емдеуге жатқызылған адамдар санына байланысты жиналыстарды онлайн форматқа көшіру, жабық үй-жайларда, көліктің барлық түрлерінде міндетті түрде маскаларды пайдалану, жабық мекемелерге баруға шектеулер енгізу, объектілерде «Ashyq» қосымшасын міндетті түрде пайдалану, қызметкерлердің 30%-ын қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру, іс-шараларды өткізу кезінде объектілердің толтырылуын 50%-дан асырмау сияқты шектеу шаралары қабылдана, - деді Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, инфекциялық төсек-орынмен қамту 11%-ды, реанимациялық төсек-орынмен қамту 4%-ды құрайды.