00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде ең жоғары зейнетақы мөлшері 700 мың теңгеден асты

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде ең жоғары зейнетақы мөлшері 700 мың теңгеден асты
ашық дереккөз

БЖЗҚ-ның 2022 жылғы 1 желтоқсанындағы негізгі көрсеткіштері бойынша түсетін жарналар мен төлемдер көлемі ұлғайды, деп хабарлады Elorda.info қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 14,4 трлн теңгеден асты. Жыл басынан бері зейнетақы жинақтарының өсімі 1,3 трлн теңгеден (немесе 10,2 %) артық көрсеткішке ие.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттарындағы жинақтар да шамамен тура осындай өсім – 9,9% немесе 1,2 трлн теңгені көрсетті. 1 желтоқсанға бұл шоттарда 13,9 трлн теңгеден астам қаражат жинақталған. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 11 айда 20,7% ұлғайып, шамамен 436 млрд теңге болды, - делінген қор хабарламасында.

Жыл басынан бергі ең үлкен өсімді - 94,5% - ерікті зейнетақы жарналары бойынша жинақтар көрсетіп, ол 3,3 млрд теңгеден асты.

2022 жылғы 1 қаңтардан 1 желтоқсанға дейін зейнетақы жарналары түрінде ЖЗШ-ға 1,5 трлн теңгеден астам қаражат түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30% көп. Өсім жарналардың барлық түрлері бойынша орын алды: өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 29% (немесе 329,5 млрд теңгеге), МЗЖ – 39% (немесе 19,4 млрд теңгеге) ұлғайды. Ең көп өсім - 212% немесе 1,4 млрд теңге ЕЗЖ шоттарында болды.

Салымшылар мен алушылардың шоттарына таза инвестициялық табыс түрінде 777 млрд теңгеден астам қаражат түсті.

БЖЗҚ-дан төлемдер жыл басынан бері 1,1 трлн теңгеден асты. Төлемдердің басым бөлігін 902 млрд теңге мөлшеріндегі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері. Баламалы мақсаттарға берілетін төлем көлемі өткен жылмен салыстырғанда 58% төмендеді.

Жасы бойынша төлемдер 22,6% ұлғайып, шамамен 109 млрд теңге болды. Айта кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 29 876 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңгені құрады, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ мұрагерлік бойынша төлемдер – 55,8 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 45,3 млрд теңге, мүгедектік бойынша төлемдер – 2,2 млрд теңге, жерлеуге төлемдер - 4,9 млрд теңге. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 23,2 млрд теңге аударылды.

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 12,1 млн бірлік болды. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша - 10,9 млн бірлік, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша шоттар саны - 592 250 бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары есебі бойынша 356 116 ЖЗШ ашылды.