00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл елге шетелден 8 миллионға жуық азамат келген

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл елге шетелден 8 миллионға жуық азамат келген
ашық дереккөз

2022 жылы елімізге келген шетелдіктер саны 7 934 138 құрады, ал шыққандар саны 7 751 494 құраған. Бұл туралы ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Оның айтуынша, аталған шетелдік азаматтардың негізгі мақсаты – жеке мақсатта, халықаралық тасымал, жұмыс барысымен, транзит ретінде. Қазіргі уақытта елге медициналық ем алу үшін келетін азаматтар саны көбейіп келеді.

Өздеріңізге белгілі, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында ҚР Президентінің Жарлығымен жыл басынан бастап Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне халықтың көші-қоны саласындағы қосымша 22 функция берілді. Осыған орай, көші-қон саласында мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру және үйлестіру бойынша басты орган – Көші-қон комитеті құрылды. Ведомство басқа да құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесіп Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірледі және ол 30 қараша күні Үкіметпен бекітілді, - деді І.Испанов.