Бүгін кешке дейін Екібастұздағы 11 үйге жылу беріледі
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штаб Екібастұз қаласындағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді деп хабарлады Elorda.info.
4 желтоқсан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша 11 үйдің жылу желілері жөнделуде.
Пәтерлерде жылу беруді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу жүйесіне қосылуға дайын үйлерде құбырлар мен радиаторлар ауыстырылуда. Сонымен қатар сумен және жылумен жабдықтау жүйелерін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, – деп мәлімдеді Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, Екібастұзда барлығы 689 көп қабатты үй бар. 11 үйге күннің соңына дейін жылу беру жоспарланып отыр.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 500-ге жуық адам жұмылдырылды.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады