00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң» жобасы Мәжілістің қарауына енгізілді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң» жобасы Мәжілістің қарауына енгізілді
ашық дереккөз

Мемлекет басшысы қаңтарда жеке тұлғаларды банкрот деп тануды көздейтін заң жобасын әзірлеу жөнінде тапсырма берді. Қазіргі кезде Қаржы министрлігінің бастамасымен заңнама әзірленді. Ол қажетті заңдардың бірі болып табылады. Осы заң жобасын әзірлеуге себеп болған – халықтың шамадан тыс кредиттік ауыртпалықтары мен жалпы азаматтардың едәуір бөлігі өздерінің қаржылық жағдайларының нашарлауымен бетпе-бет келгендігі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ведомство вице-министрі Ержан Біржанов мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Спикер статистикалық мәліметтерге тоқталды.

Осы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, 1,4 млн адамның жалпы сомасы 1 450 млрд теңгені құрайтын 90 күннен астам мерзімі өткен несиесі бар. Осы санаттағы азаматтардың жағдайын жақсарту үшін заңнама әзірленді. Бес жылдан астам қарыздарына қызмет көрсете алмайтын тұлғалардың саны 504 млрд теңге сомасында 365 мың адамды (бұл 28%) құрайды. Жоғарыда келтірілген статистикалық мәліметтер халықтың проблемалық қарыздарын заңнамалық реттеу қажеттілігін көрсетті. Заңнама мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс тобын құру арқылы жасалды. Оны әзірлеу барысында өзге елдердің тәжірибесі қаралып, халыққа пайдасы тиетін, ауыртпашылық түсірмейтін оң тұстары ескерілді. Қазіргі кезде құжат Мәжілістің қарауына жіберілді, - деді Біржанов.