Елімізге шетелден 100 үздік маман шақырылады
31 наурыз, 2023
Зарина Сәрсенбайқызы
ашық дереккөз
Қазақстанда сырттан жиі тартылатын мамандарды шақыру көзделіп отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
«Ашық Қазақстан 500+» көш-қон саясатының тұжырымдамасы бойынша шетелден 100 үздік маманды тарту көзделіп отыр. Мұндағы негізгі мақсат – білім трансферті және осы кәсіптер бойынша өз мамандарымызды даярлау. Олардың Қазақстанда тұруына рұқсат беру мүмкіндігі қарастырылған «Бағалы дағдылар визасы» енгізіледі, – деді министр.
Тамара Дүйсенова өз баяндамасында «Құнды дағдылар рейтингі» жасалатынын айтты. Рейтингтегі тапшы кәсіптер мен мамандықтар тізімі үнемі жаңартылып отырмақ.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 13:15
Зағип және көру қабілеті бұзылған жандардың ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндіктері кеңейеді
17 желтоқсан, 2024
Үкіметте сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларды сақтау мәселесі қаралды
17 желтоқсан, 2024
Анас Баққожаев: Бүгінде жалпы ішкі өнімнің өсуін мақсат етуіміз керек
17 желтоқсан, 2024
Жұмыссыз қалған 275,7 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды