00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Үкімет басшысы Екібастұздағы апаттан барлық әкім сабақ алуы қажет екенін айтты

Үкімет басшысы Екібастұздағы апаттан барлық әкім сабақ алуы қажет екенін айтты
ашық дереккөз

Бүгін Үкімет отырысында Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Екібастұз қаласындағы төтенше жағдайға байланысты жылумен жабдықтау жұмыстары туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі. 

Желі ішіндегі су нормадан артық болды. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Сол уақыттан бастап жедел көмек тартылды. 149 көппәтерлі үй және 15 нысан жылусыз қалды. Қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесі бойынша 15 елеулі зақымның 14-і жойылды. Желі ішіндегі ыстық судың өтуі 3.2 дейін төмендеді. 132 көппәтерлі үй және 12 әлеуметтік нысан жылуға қосылды. Осылайша, 17 көппәтерлі тұрғын үй және 3 әлеуметтік нысан әлі де жылусыз қалды. Стансадағы температура 87.59 градус. Он қазандықтың алтауы жұмыс істеп тұр. Қажетті жұмыстарды жүргізуге 25 бригада және 37 техника тартылды. Жылусыз қалып отырған тұрғындарға 1200-ге жуық жылытатын құрал жеткізу ұйымдастырылды, – деді Павлодар облыс әкімі. 

Премьер-министр Әлихан Смайлов халықты тезірек жылумен қамту қажет екенін айтты. 

Қыс басталмай жатып жылу жүйесінде ақау болуы үлкен қателік. Бұл жағдайды барлық әкімдер ескеруі қажет, - деді Премьер-министр.