00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елжан Біртанов сот шешіміне шағым түсірді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елжан Біртанов сот шешіміне шағым түсірді
ашық дереккөз

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокаттары №2 Сарыарқа сотының үкіміне аппеляциялық шағым түсірді, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін бұрынғы министрдің адвокаттары Серік Сағалиев пен Дмитрий Куряченко алдын ала аппеляциялық шағым түсірді. Қалған қорғаушылар да жоғары тұрған сатыға, яғни Астана қалалық сотына құжат тапсырмақшы. 

Дмитрий Куряченконың айтуынша, үкімге наразылық білдіру мерзімі 12 қарашада аяқталады. Елжан Біртанов «лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланды» деген үкіммен келіспеген.

Еске сала кетсек, 28 қазанда Астана қаласының №2 Сарыарқа сотында экс-министр Елжан Біртанов пен экс-вице-министр Олжас Әбішевтің үкімі жарияланды. Сот Біртановты санитарлық авиацияның әуе кемесін пайдалану эпизоды бойынша кінәсіз деп тапты. Алайда сот екі сотталушы да лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп санады. Судья атап өткендей, Әбішев пен Біртанов жұмыс істемейтін платформаға қатысты орындалған жұмыстар актісіне қол қойған.