Прокуратура өкілі Бақытгүл Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан айыруды ұсынды
Атырау прокуратурасының өкілі Бақытгүл Хаменоваға 7 жыл жаза беруді ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.
Сондай-ақ ол «Құрмет» орденінен айырылуы да мүмкін.
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы қайта жалғасты. Сот отырысында прокуроратура өкілі Лаура Асанова облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан және «Құрмет» орденінен айыруды ұсынды.\
Оқи отырыңыз: Бақытгүл Хаменова қамауға алынды
Мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Мерзімді өтеу орташа қауіпсіздік мекемесінде анықталсын. Сотталушыда кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны үш жылға дейін кейінге қалдыруды сұраймын, – деді ол.
Прокуратура өкілі облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевты 7 жылға, пара беру күдігіне ілінген Өміртай Адамовты 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, биылғы 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына ҚР Қылмыстық кодексі 366-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, ҚР Қылмыстық кодесі 367-бабының 2-бөлігімен «Б» ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс түсті.