00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда балалар ұрлығы көбейген

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда балалар ұрлығы көбейген
ашық дереккөз

Биылғы қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша, елімізде қылмыстық жауапкершілікке тартылған 1,1 мың кәмелетке толмаған жасөспірім тіркелген, деп хабарлады Elorda.info.

Ranking.kz зерттеуінше, бір жыл бұрынғыдан 2,1% артық. Олардың арасында 78 қыз болған.

Қылмыскерлердің 539-ы – студенттер, тағы 510-ы жұмыс істемейді және оқымайды. 336 жасөспірім топтық құқық бұзушылық жасаған, оның ішінде ересектердің қатысуымен қылмыс жасаған кәмелетке толмағандар саны – 158. Соның ішінде 71 жасөспірім бұрын да құқық бұзушылық жасаған.

Салыстыру үшін: өткен жылдың сәйкес кезеңінде кәмелетке толмаған құқық бұзушылар саны жылына 23,3%, 1 мың адамға дейін төмендеген.

undefined

Өңірлер бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған кәмелетке толмағандардың басым бөлігі Алматы облысында: 118 адам – бір жыл бұрынғыдан бірден 32,6% артық. Одан кейін Жамбыл (97 адам, 70,2% көбейген) және Түркістан (92 адам, 24% азайған) облыстары.

Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында кәмелетке толмаған қылмыскерлер ең аз.

undefined

Ұрлық жасаған кәмелетке толмағандардың 43,7%-ы, яғни 468 адам бірден ұсталды, көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 7,1% көп.

Жасөспірімдер жиі жасайтын қылмыстар қатарында ұрлықтан бөлек тонау (120 адам, 23,7% көбейген), бұзақылық (79 адам, 22,5% азайған), алаяқтық (58 адам, 7,4% көбейген) және ұрлау мақсатынсыз автокөлік немесе басқа да көлік қралдарын заңсыз иелену жағдайлары (47 адам, 2,1% азайған).