Биыл Дағдарыс орталықтары 4 мыңға жуық адамға көмек көрсеткен
31 наурыз, 2023
Зарина Сәрсенбайқызы
ашық дереккөз
Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді 41 Дағдарыс орталығы көрсетеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Дағдарыс орталықтары 18 өңірде жұмыс істейді. Жаңадан құрылған Алматы және Абай облыстарында әзірше мұндай орталықтар жоқ, сондықтан бұл өңірлерде оларды құру жұмыстарын жүргізу қажет. Биылдан бастап орталықтарды ұстау жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады, – деді Тамара Дүйсенова.
Министр мәліметінше, мұндай орталықтарда зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет 6 айға дейінгі мерзімде көрсетіледі.
Осы уақытқа дейін орталықтар 3 мың 975 адамды қамтыды.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады