Елімізде 11 мың шақырым жолда ақылы төлем жүйесі болады
2025 жылға дейін Қазақстанда 11 мың шақырым жолда ақылы төлем жүйесі кезең-кезеңімен енгізілмек. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Қазіргі уақытта ақылы учаскелердің ұзындығы 2,2 мың шақырымға жетіп отыр. Осы бағытта биыл жыл басынан бері бұл жолдардағы жалпы алымдар 4 млрд теңге болды. Нормативтік жағдайға келтіргеннен кейін, ақылы жолдарды 2,5 мың шақырымға созылатын II санаттағы автожол учаскелерінде енгізу жоспарланып отыр. Бүгінде тиісті жұмыстар жүргізіле бастады. Жалпы, 2025 жылға дейін жол учаскелерін реконструкциялауды аяқтау мерзіміне қарай 11 мың шақырымға ақылы төлем жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр, - деді Қ. Өскенбаев.