Қазақстанда жол апатынан қаза тапқандар саны артты
31 наурыз, 2023
Айман Нығмет
ашық дереккөз
Қаңтар-шілде айларында елімізде 7,9 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,5%-ға артық, деп хабарлады Elorda.info Finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Алматыда жол апаты жиі орын алды. Антилидерлердің үштігіне Алматы және Жамбыл облыстары да кірді.
Аталған кезенде жол апатынан салдарынан 11,6 мың адам зардап шекті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,8%-ға көп. Олардың ішінде жараланғандар саны 10,4 мың адамға дейін өсті. Ал жыл басынан бері 1,2 мың адам қаза тапты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,4%-ға көп.
Өңірлік бөліністе жол апатынан зардап шеккендердің ең көп саны Алматыда, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарында тіркелді.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады