«Бір күні оңбай таяқ жейді ғой»: Қайрат Әділгерей қалжыңдаймын деп тағы да масқара болды
31 наурыз, 2023
Ғани Атымтай
ашық дереккөз
Әзілкеш Қайрат Әділгерей еліміздегі тойлардың бірінде орынсыз қалжыңдаймын деп тағы да масқара болды, деп жазады Elorda.info.
Ол өзі жүргізген тойда әнші Ұланғасыр Қамиды ортаға шақырып, әзілдемек болған.
Шатунов өлгелі осы баланың бағы жанды. Қарсы алыңыздар, Ұланғасыр Қамиев - Қызыл Раушан, - деді Әділгерей.
Әзілкештің бұл әзілі той қонақтарынан бөлек желі қолданушыларының да көңілінен шықпады.
«Аузым бар деп оттай береді екен», «Осының-ақ жүрген жерінен шөп шықпайды екен», «Масқара», «Бір күні плотно оңбайды», «Орынсыз қалжыңдасады», «Жағымсыз әзілдейді», «Бір күні оңбай таяқ жейді ғой», - деп пікір қалдырды оқырмандар.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады