00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бір аптада 3 мың қылмыс жасалған – ІІМ

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бір аптада 3 мың қылмыс жасалған – ІІМ
ашық дереккөз

Ішкі істр министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек өткен аптадағы криминогендік жағдай туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info. 

Бір апта ішінде 3 мың қылмыс жасалды. Оның 1769-ы тәулік ішінде ашылды, - деді ол ведомствоның апта сайын өтетін онлайн брифингісінде.

ІІМ өкілінің айтуынша, апта ішінде 9 кісі өлтіру қылмысы ашылған.

Полиция қызметкерлері ізін суытпай 9 кісі өлтіру қылмысын, бір өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақа зиян келтіру қылмысын, бір қарақшылық, 46 тонау, 460 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек.