Елімізде күнбағыс майының бағасы бір айда 4,6%-ға өсті
Биыл Қазақстаннан әкетілген күнбағыс майының көлемі үш есеге жуық артты. Ішкі нарықта майды сату көлемі іс жүзінде өзгерген жоқ, ал бағалар өсуде, деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Соңғы жеті айда отандық компаниялар күнбағыс майына сұранысты 82,8%-ға қамтамасыз етті. Осы кезеңде күнбағыс майын өндіру көлемі 36,9%-ға өсті. Импорт 18,6%-ға өсіп, 55,6 мың тоннаны құрады.
Қаңтар–тамыз айларында елімізде 308,5 мың тонна күнбағыс майы өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 39,5%-ға артық. Оның 47%-ы тек Шығыс Қазақстан облысына тиесілі болды. Өндірістің едәуір көлемі Абай облысы мен Шымкентте де байқалды.
Тазартылмаған күнбағыс майы өндірістің үштен екісіне тиесілі болды. Тазартылған күнбағыс майы 92,6 мың тоннаны құрады-өткен жылмен салыстырғанда 7,9%-ға аз.
Қыркүйек айының қорытындысы бойынша күнбағыс майының бағасы бір айда 4,6%-ға өсті, бұл 2021 жылдың маусымынан бергі ең жоғары айлық өсу көрсеткіші (ол кезде баға 5,6%-ға өсті). Өңірлік бөліністе Маңғыстау облысында күнбағыс майының ең елеулі айлық қымбаттауы тіркелді: бірден 10,7%-ға. Одан кейін Қарағанды және Ақтөбе облыстары келеді. Алматы облысында бағалар тек 0,4%-ға өсті. Күнбағыс майының бағасы жыл басынан бері 15,8%-ға өсті.