00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Азаптауларға байланысты қылмыстар үшін жазаны күшейтетін заң қабылданды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Азаптауларға байланысты қылмыстар үшін жазаны күшейтетін заң қабылданды
ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында азаптауларға байланысты қылмыстарды тергеп-тексеруде жүйелі тәсілді енгізу және осы функцияны Бас прокуратураға бекіту туралы тапсырма берген болатын. Қазақстан азаптауларға нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылып жатыр.

Азаптауларға байланысты қылмыстар үшін жазаны күшейтетін заң қабылданды. Бас бостандығынан айырудың ең ұзақ мерзімі 10 жылдан 12 жылға дейін ұзартылды. Рақымшылық, ескіру мерзімі және тараптардың өкінуі мен татуласуы негізінде азаптаулар үшін қылмыстық жауаптылықтан босату жойылды. 2019 жылдан бастап Бас Прокурордың «Пенитенциарлық жүйеде азаптаулар, суицид және өзіне зиян келтіру фактілерін тергеп-тексеруді ұйымдастыру туралы» нұсқауы қолданылады, оған сәйкес прокурор оқиға орнына міндетті түрде барады.

Түзеу мекемелерінде және қылмыстық қудалау органдарында үздіксіз бейнебақылау енгізу сатысында.

Көп жағдайда бұл қылмыстар жасырын, жабық және оқшауланған жерлерде жасалады.

Сонымен қатар қылмыстық қудалау органдары осы санаттағы қылмыстық істерді тергеп-тексеру кезінде бұзушылықтарға жол береді.Тергеу іс-шараларын уақтылы жүргізбеу дәлелдемелердің жоғалуына және дәлелденбегендіктен істердің тоқтатылуына әкеп соғады.Жалған корпоративті ынтымақтастық шындықты анықтауға кедергі келтіреді. Әріптестер өз қызметкерлерін жасырады, дәлелдерді жасырады, - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Бас прокуратура Парламентте орналасқан прокуратура органдарына азаптаулардың айрықша тергеп-тексерілуін белгілеу туралы қылмыстық-процестік кодекске түзетулер жобасын дайындаған.