00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада мерекеге орай қанша зейнеткер біржолғы әлеуметтік төлем алады

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордада мерекеге орай қанша зейнеткер біржолғы әлеуметтік төлем алады
ашық дереккөз

Қарттар күніне орай жасы бойынша 91 672 зейнеткерге және зейнеткерлік жастағы адамдарға зейнетақының ең төменгі мөлшерін алушылар қатарынан 2,5 АЕК (7950 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек алады, деп хабарлады Elorda.info Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» Департаментінің тізімдері негізінде Астанада тіркелген және тұрақты тұратын жасына байланысты зейнетақы алушыларға жүргізіледі.

Айта кету керек, төлемдер 3 қазанға дейін жүзеге асырылады.