00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда қанша адам пәтерін жалға беруді кәсіп қылып жүр

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда қанша адам пәтерін жалға беруді кәсіп қылып жүр
ашық дереккөз

Елімізде 84 мыңнан астам қазақстандық салықтан жалтармай, пәтерін жалға береді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті. 

Тұрғын үйді жалға берудің бірнеше жолы бар. Бірінші жол – жеке кәсіпкер ретінде тіркелу. Еліміз бойынша осы жолды таңдап, жеңілдетілген декларация мен патент тапсырып жүрген 84 мыңнан астам адам бар», - деді ол.

Вице-министр пәтерді жалға берудің тағы бір жолын айтты.

Мұнда жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ. Егер ол облыс орталығында немесе ірі қалаларда тұрғын үй тапсырса, есеп айырысу айының басына дейін 1 АЕК төлеуі керек. Ал аудандық деңгейде 0,5 АЕК төлеуі шарт. Мұндай режимді пайдаланатын 120 мыңнан астам адам бар, - деді Ержан Біржанов.

Оның айтуынша, пәтер жалдаудың үшінші жолын 2 мыңға жуық адам ғана қолданып жүр.

Жеке тұлғалар табысы мүліктік кіріске тең болса, аталған кірісті бір жылдан кейін декларациялай алады және жалға алынған соманың 10%-ын төлей алады. Айталық, егер ол бір жыл ішінде 2 млн теңгеге тапсырса, ол декларацияда осы соманы көрсетіп, 200 мың теңге төлейді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 2 мыңға жуық адам осы тәсілді қолданды, - деді Қаржы вице-министрі.