Шымкентте студенттің өліміне қатысты күдіктілер қамауға алынды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Шымкентте 1-курс студентінің өліміне қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлады Elorda.info.
Полиция қызметкерлері мәлімдегендей, бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы («денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Оқи отырыңыз: Шымкентте колледж жатақханасынан 1-курс студентінің мәйіті табылды
Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Соның салдарынан ол кенеттен өзін нашар сезінген. Студенттер жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер көмек көрсетіп үлгермеген.
Іс бойынша екі күдікті Уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Жұмысынан айырылған 217 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек берілді
19 қыркүйек, 2024
11 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
18 қыркүйек, 2024
Қазақстандықтар ішімдік ішуден қай елдерді басып озған
17 қыркүйек, 2024
385 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді