00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қасиетті парыз қағаз жүзінде қалмайды – Берік Жәкенов

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қасиетті парыз қағаз жүзінде қалмайды – Берік Жәкенов
ашық дереккөз

Елордадағы Достық үйінде Amanat партиясының өкілдері қандастар арасындағы зиялы қауыммен кездесу өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Елордалық филиалдың атқарушы хатшысы Берік Жәкенов АҚШ, Франция, Қытай, Жапония және тағы да басқа әлемнің озық елдерінде білім алып, докторлық диссертация қорғаған, сол артықшылықтарын еліміздің өркендеуіне жұмсап жүрген ғылым докторлары, елордамыздағы беделді оқу орындарының профессорлары, ақын-жазушылар, кәсіпкерлер, білім саласында жетістігі бар жастармен еркін форматта бүкпесіз әңгімелесті. 

Мемлекеттігімізді нығайту жолында тер төгіп жүрген азаматтарға партия атынан алғыс білдірді. 

Қоғам назарындағы көші-қон мен ғылым-білім саласындағы кемшіліктер, идеологияны айқындау, ұрпақ тәрбиесі, ұлт болашағы, салт-дәстүр құндылығы, тіл тазалығы және т.б мәселелер айтылды. Оларды толғандырып жүрген мәселелерді заң шеңберінде жүзеге асырып, шешу жолдарын бірге қарастыру назарға алынады.

Айта кетейік, әлемде 20 миллионға жуық қазақ өмір сүріп жатыр. Әділетті Қазақстан бауырларымызды түгендеп, жан-жақта «қазақпын» деп ұрандатып жүрген қандастарымызды біріктіруден басталады. 

Жиынға қатысушылар Amanat партиясының «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы негізінде тарихи отанына оралған қандастарымыздың әлеуетін арттыру – басты мақсаттардың бірі екенін жеткізді.