00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл көпбалалы отбасылар 227 млрд теңге жәрдемақы алды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл көпбалалы отбасылар 227 млрд теңге жәрдемақы алды
ашық дереккөз

Тамыз айында 500 мыңға жуық отбасына 28,8 млрд теңге жәрдемақы төленді, деп хабарлады Elorda.info Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады, - деп жазылған хабарламада.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы 4 балаға – 50 975 теңге, 5 балаға – 63 727 теңге, 6 балаға –  76 479 теңге, 7 балаға – 89 231 теңге, 8 балаға – 101 760 теңге, 9 балаға – 114 480 теңге, 10 балаға – 127 200 теңге, 11 балаға – 139 920 теңге, 12 балаға – 152 640 теңге, 13 балаға – 165 360 теңге, 14 балаға – 178 080 теңге, 15 балаға – 190 800 теңге, 16 балаға – 203 520 теңге немесе әр балаға 12 720 теңге төленеді.