Білім басқармалары басшыларының жеке телефон нөмірлері жарияланды
Оқу-ағарту министрлігі еліміздің барлық өңіріндегі Білім басқармалары басшыларының ұялы телефондары мен әлеуметтік желідегі аккаунттарын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Сондай-ақ орынбасарларының нөмірлері да көрсетілген.
Білім беру ұйымдарының жұмысына, балаларды оқытуға және басқа да мәселелерге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда қазақстандықтар Білім басқармалары мен аумақтық бөлімдердің басшыларына тікелей хабарласа алады. Ата-аналар, педагогтер білім саласындағы проблемалар жайында хабарлай алады. Басшылар азаматтардың өтініштеріне жедел ден қойып, қажетті шешімдерді уақытында қабылдауы қажет. Қаржыландыру, құрылыс, жөндеу жұмыстары әкімдіктердің құзырында екенін естеріңізге сала кетейін, - деді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
Сонымен қатар Білім басқармаларында call-орталықтар құрылды. Оған да азаматтар білім беру мәселелері бойынша жүгіне алады. Call-орталықтардың нөмірлері әлеуметтік желілердегі парақшаларда жарияланған.
Білім басқармалары басшыларының телефон нөмірлерін мына жерден көруге болады.