00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада қарттар күніне орай флешмоб өтті

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада қарттар күніне орай флешмоб өтті
ашық дереккөз

Есіл ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда елордалық Ардагерлер кеңесінің өкілдері, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер арнайы фитнес нұсқаушысының жетекшелігімен жаттығулар жасады.
Ардагерлер кеңесінің төрайымы Рысты Тұрғынбаеваның айтуынша, іс-шара Қарттар мерекесіне орай ардегерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылды.

Таза ауада би билеп, жаттығу жасап бір серпілсін дедік. Осындай іс-шараларды ұйымдастыруға көмектескен Есіл ауданының әкімдігіне дән ризамын. Аталған шараға екі ансамбльдің – «Есіл толқындары» мен «Парасат» мүшелері де қатысып жатыр. Әрқашан аспанымыз ашық болсын, деніміз сау болып “Алға, Қазақстан” деп ұрандатып жүре берейік, - деп ізгі тілегін білдірді ол.

Ардагерлердің өздері де шат-шадыман күй кешіп, көңілді жүрді. 

Қарттар мерекесі келе жатыр, сол себепті бүкіл ардагерлердің көңіл-күйін көтеру мақсатында бүгін арнайы жинап, флешмоб ұйымдастырып жатыр екен. Жастарға үлгілі тәрбие беру арқылы еліміздің болашағына үлес қосып жатырмыз. Барша ардагерлерді келе жатқан мерекемен құттықтаймын! Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын, - деді 78 жастағы зейнеткер Сәбит Қасымов. 

Фанида Нұрбаева есімді ардагер де замандасының сөзіне қосылатынын білдірді. 

Республикалық байқаулардың жеңімпазы, «Есіл толқындары» ансамбілінің жетекшісімін. Жалпы, «адамның ағзасына ең пайдалы нәрсе, ол – билеу, ән айту, жаяу жүру» деп айтады ғой. Біздің ансамбль мүшелері үшеуін де қатар алып келе жатырмыз. Бүгінгі флешмобқа қатысу мақсатымыз – ең алдымен, көтеріңкі көңіл-күй, осындай іс-шараларға қатысу арқылы өзара ынтымақтастығымыз арта түседі. Ұжымнан 20 адам қатысты. Кемеңгер, әдепті, ұлттық руханиятқа бай ата-әжелер қазақ халқының қарттары деп есептеймін, - дейді Фанида апа.

Гүлжан Уалиева