Қазақстанда ветеринария саласында мобильді қосымша әзірленеді
Жүйеде жануардың биркасын сканерлеуге және барлық қажетті деректерді ақпараттық жүйеге енгізуге болады.
Сондай-ақ ветеринариялық анықтама, ветеринариялық сертификат, орны ауыстырылатын объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат сынды ветеринариялық ілеспе құжаттарды беру бөлігінде ветеринариялық ақпараттық жүйенің (ББАЖ) функционалын кеңейту және техникалық проблемаларды жою, ветеринариялық препараттарды қолдануды реттеу мен бақылаудың жаңа ақпараттық жүйесін әзірлеу, есептілікті автоматтандыру, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды автоматтандыру мүмкін болады, – деді Рүстем Құрманов.
Сонымен қатар, ветеринария процестерін цифрландыруды және автоматтандыруды жүргізу статистикалық деректердің дұрыстығын қамтамасыз етеді, ветеринариялық дәрігерлерді қағазбастылықтан босатады, экспорт пен импортқа рұқсат беру құжаттарын алуды жеңілдетеді, бақылаудағы объектілердің орнын ауыстыру мен айналымын бақылауды күшейтеді. Сондай-ақ субсидиялар мен жеңілдікті кредиттер алу кезінде сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық тәуекелдерді төмендетеді.