Қазақстандықтардың 1,3 пайызы күні бойы тамақ ішпейді – сараптама
Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, жыл сайын наурыз айында өткізетін «халықтың өмір сүру сапасы» зерттеу нәтижелері бойынша азық-түлік қауіпсіздігі саласында ақшаның немесе басқа ресурстардың жетіспеушілігінен оларда тамақ жеткілікті болмайды деп алаңдаған респонденттердің үлесі 5,7%-ды құрады. Сонымен қатар, бұл сұраққа жауап беруге қиналғандардың үлесі бір жыл ішінде 4%-ға дейін, ал жауап бергісі келмейтіндердің үлесі 2%-ға дейін өсті.
Бұл ретте ақшаның немесе басқа ресурстардың жетіспеушілігінен күні бойы тамақ ішпеген респонденттердің үлесі бір жыл ішінде 1,3%-ға дейін өсті.
Жергілікті жер бөлінісінде ақшаның немесе басқа ресурстардың жетіспеушілігінен оларда тамақ жеткілікті болмайды деп алаңдауға себеп болған адамдардың үлесі ауылдарда қалаларға қарағанда жоғары. Гендерлік тұрғыдан алғанда, әйелдер бұл туралы ерлерге қарағанда жиі алаңдауға мәжбүр болды.
Жұмыспен қамту мәртебесі бойынша өз бетінше жұмыспен айналысушылар өздерінің азық-түлік қауіпсіздігі туралы ең аз алаңдаушылық білдірді. Жалдамалы жұмысшылардың арасында тамақтанудың мүмкін еместігі туралы респонденттердің 5,5%, ал жұмыссыздар арасында респонденттердің оннан бір бөлігі алаңдады.
Жас топтары бойынша аштыққа ұшырағандардың үлесі 39-дан 48 жасқа дейінгі респонденттер арасында ең көп. Одан кейін жасы бойынша зейнеткерлер және зейнеткерлік жас алдындағы адамдар.