00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қымбат неке: елімізде алтын сақина да қымбаттады

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Қымбат неке: елімізде алтын сақина да қымбаттады
ашық дереккөз

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметі бойынша, өңірлік бөліністе өндірістің ең үлкен көлемі Алматыда байқалады. Көшбасшы өңірлердің үштігіне Нұр-Сұлтан қаласы (117,8 млн тг) және Қарағанды облысы (98,7 млн тг) кірді. Жалпы 2021 жылы сектордағы өндіріс 1,6 млрд теңгені құрады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Маусым айының қорытындысы бойынша елімізде зергерлік бұйымдар мен сағаттардың құны бір айда 1,8%-ға және бір жылда 35,3%-ға өсті. Оның ішінде Алтын неке сақиналары жылына 38,9%- ға, қол сағаттары 15,2%-ға қымбаттады.

Өңірлік бөліністе зергерлік бұйымдар мен сағаттардың бағасы бәрінен бұрын Солтүстік Қазақстан облысында - бір жыл ішінде 61 пайызға өсті. Анти-лидерлердің үштігінде Алматы облысы мен  және Нұр-Сұлтан қаласы да бар.