Елордада «102» мобильдік қосымша арқылы 1 947 өтініш қабылданды
Өткен кезеңде елордада алаяқтық 4,4%-ға, пәтер ұрлығы 9,3 %-ға, автомашина салонынан ұрлық жасау 9,7%-ға, қалта ұрлығы 23,7 %-ға, бұзақылық 36,4%-ға, сонымен қатар бір топ адамдармен жасалған қылмыстық құқық бұзушылық 19,5%-ға төмендеген.
Есеп беру кезеңінде 393 есірткі қылмысы анықталды. Заңсыз айналымнан 189,5 кг әртүрлі есірткі құралы тәркіленді. Жылдың басынан 4 есірткі зертханасы анықталып, жұмысы тоқтатылды. Бұған қоса, интернет-алаяқтықтың төмендегені байқалады. Ағымдағы жылдың 6 айы ішінде елорда аумағында 1 894 факті тіркелген. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 11,7 пайызға төмендеген.
Жыл басынан бері жазатайым оқиғалардың саны 24,5 пайызға, зардап шеккендер саны 29,3 пайызға артқан. Қабылданған шаралар жолдардағы өлім-жітім көрсеткішін 41,7%-ға төмендетті. «102» мобильдік қосымшасы арқылы 1 947 өтініш қабылданды», – деді Полиция басшысы Марат Төлебаев.