«Бұл – жаңа Қазақстан»: Азамат Сатыбалды Роза Әлқожаның айыптауына жауап берді
Әнші бұған дейін Өнер колледжін қызыл дипломмен бітірген қызы Ақботаның бойы көрсетілген талапқа 2 сантиметр жетпегендіктен, академияға қабылданбағанын айтып, ренжіген еді. Азамат Сатыбалды актриса болғысы келетін қыздарға сәбіз жеуге кеңес берді.
Бұл туралы актер Instagram парақшасында жазды. Желі қолданушылары ректордан Роза Әлқожаның қызын емтиханға неге жібермегенін сұрады.
Біріншіден, ол қыз менің алдыма келген жоқ. Комиссияның алдына барды. Комиссияның шешімін өзгертуге ешкімнің құқығы жоқ. Талап бәріне ортақ.
Оқи отырыңыз: «Аллаға тапсырдым!»: Роза Әлқожа баласын оқуға қабылдамаған Азамат Сатыбалдыға ренішін білдірді
Ректорда ондай құқық жоқ. Ректор тек комиссияның шешімімен ғана алады. Талаптар ғылыми кеңестің талқысынан өтеді. Бұл – жаңа Қазақстан. Жаңа академия, – деп түсіндірді ол.
«Сонда тек бойы ұзын қыздар актриса бола ала ма?» – деген көпшіліктің сауалына ректор:
Барлық өнерге емес, тек театр әртісіне ғана. Келесі жылы түсіремін десеңіз, қазірден бастап сәбіз бере беріңіз. Ойын да өсіруді ұмытпаңыз, – деп жауап берді.