Еңбек инспекторлары 10 мыңға жуық жұмысшының құқығын қорғады
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 499 кәсіпорнында 12,6 мың жұмысшының алдында 2 млрд 845 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 414 нұсқама беріліп, 67,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң сақталуы тиіс кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 9,9 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2 млрд 319,7 млн теңге төленді, – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады