00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде такси жолаушылары көбейді

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елімізде такси жолаушылары көбейді
ашық дереккөз

Ranking.kz мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар–мамыр қорытындылары бойынша  жолаушылар тасымалдау компанияларының кірістері 148,9 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 35,4-ға пайызға артық. Оның ішінде жүк тасымалдаудан түскен кірістер бір жылда 39,5%-ға, 104,2 млрд теңгеге дейін.

Сектордағы жолаушылар тасымалынан түсетін кірістердің басым бөлігі автобус тасымалдарына тиесілі — 40,2 млрд теңге. Жылдық өсім 29,7%-ды құрады.

Өз кезегінде такси тасымалдауынан түскен табыс 1,8 млрд теңгеге дейін өсті.

Биыл қаңтар-мамыр айларында жолаушылар тасымалы 2,7 млрд адамды құрады, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бірден 16 пайызға артық. Автобустармен 1,8 млрд жолаушы, таксимен – 881,8 млн жолаушы, троллейбустармен — 13,1 млн жолаушы, трамвайлармен 12,2 млн жолаушы тасымалданды.