Елорда базарларында күнбағыс майы қанша тұрады
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Күнбағыс майы қолжетімді әрі пайдалы майлардың қатарына кіреді. Оның құрамындағы дәрумендер мен минералдар адам денсаулығына өте қажетті. Дегенмен қазір тұтынушылар күнбағыс майын аз тұтыну қажет деген пікірді білдіреді. Бірақ оның тері жағдайын жақсартуға, ағзадағы артық холестеринді шығаруға көмектесетінін ұмытпаған жөн. Майдың құрамында кішкентай балалардың өсуіне де қажетті дәрумендер бар. Ол сүйектің берік болуына және асқорыту жүйесінің жұмысына әсер етеді. Тек күнбағыс майын күнделікті шекті мөлшерде дұрыс тұтынуды ұмытпау қажет.
Елордада күнделікті тағамға қолданатын күнбағыс майының арзан бағасы «Шапағат» базарында кездеседі. Оның бір литрі 730 теңге тұрады. Ал «Астаналық» базарда бір литрі 950 теңгеден сатылып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады