00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Ұшағыңыз дайын тұр, сау болыңыз, Президент»: Кәрім Мәсімов Тоқаевқа елден кетуді ұсынған

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Ұшағыңыз дайын тұр, сау болыңыз, Президент»: Кәрім Мәсімов Тоқаевқа елден кетуді ұсынған
ашық дереккөз

Бұл туралы белгілі жазушы Смағұл Елубай «Сұрауы бар» YouTube арнасына берген сұқбатында айтты.

Қаламгердің айтуынша, қаңтар оқиғасы тұсында Президентке Кәрім Мәсімов бастаған бір топ келген. Олардың бәрі – шенді-шекпенділер. Олар «ана жақта ұшағыңыз дайын тұр, сау болыңыз» деген.

Мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аузынан естіген сөзімді айтып отырмын. Тура осылай айтты. Мен (Мемлекет басшысына) 45 күн бұрын кіріп шыққанмын… «Дайын тұр ұшағыңыз. Сау болыңыз» деген ғой. Кейін бұл кісі (Қасым-Жомарт Тоқаев) іске шындап кірісті де, ертеңінде бүкіл билікті қолына алды. Қауіпсіздік кеңесін қолға алды. Оның көптеген процедурасы болатын. Оған қараған жоқ. Президент қаулы шығарды да, билікті қолына алды. Мәсімовті түрмеге отырғызды, – дейді Смағұл Елубай.

Жазушы атап өткендей, қаңтар оқиғасы кезінде Президент елді тастап кеткенде, жаппай тәртіпсіздік орнап, соңы азаматтық соғысқа ұласуы мүмкін еді.

Сондықтан бұл кісі неде болса ерлік жасады, қорықпады. Егер де ұшаққа отырып, Қазақстанды тастап кеткенде не болар еді? Үш күннің ішінде Қазақстан бөлшектеніп кеткен болар еді. Бірден сепаратизм бас көтерген болар еді, бірден азамат соғысы басталар еді. Қаңтар оқиғасы ойыншық болып қалар еді, бүкіл халық көшеге шығар еді, – дейді ол.